Су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Барлық мекеме сол жұмыстарға атсалысуы тиіс. Түркістандағы Тұран су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен танысқан Үкімет басшысы осылай, - деді. Өңірдің су шаруашылығын жүргізетін кәсіпорын балансында 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистральдық канал бар. Басқа жеке ұйымдарға қарағанда экономикалық тиімділігі 2 есе жоғары болатын мекеменің бірқатар мәселелері де бар болып шықты.