Осындай оқыс жағдайларға және шомылу маусымының қыза түсуіне байланысты бүгін төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен баспасөз отырысы өтті. Мамандар жазатайым оқиғалар көп тіркелгенімен, балаларды жазғы маусымның қызығынан айыра алмайтынын айтады. Сондықтан биыл Түркістан облысы бойынша 43 қабырғалы қауыздар орнатылған. Сонымен қатар, отырыста күннің аптап ыстығына байланысты өрт шығу жағдайларының алдын алу туралы да айтылды.