Бейбарыс емес, Байбарыс. Шетте жүріп сұлтан болған қыпшақ ұлының есіміне қатысты жаңа деректер айтылды. Анадолы жерінде өткен симпозиумда белгілі ғалымдар мен тарихшылар бас қосты. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен шарада Қайрат Сакидің «Сұлтан Байбарыс» атты кітабы қалың оқырманға таныстырылды. Бұл автордың 2000 жылы жарық көрген кітабының толықтырылған нұсқасы. Ғалым өз зерттеуінде теңдесі жоқ тарихи тұлғаның шын есімі араб тілінен алғанда Бейбарыс емес, Байбарыс екендігін атап өтеді.