Сырдария өзені арнасынан асып, жолдарды су шайып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылған. Төтеншеліктердің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Айта кетейік, бұл күндері облысқа Сырдария өзені арқылы секундына 778 текше метр су ағып келіп жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3-4 есе көп. Өзен деңгейін түсіру үшін каналдар арқылы көлдер мен шабындық жерлерге су жіберіліп жатыр. Сондықтан әлі де дария арнасынан тасып, жайылуы мүмкін. Ал мамандар Сырдариядағы сең Арал теңізіне 25 наурызға таман жетеді деп болжап отыр.