Орта ғасырда өркендеп, орыны топыраққа айналған Сығанақ қаласы зерттелуде. Бұл Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ғалымдарының еңбегінің арқасында жүзеге асып отыр. Археологтар көне шаһар орнынан ескі заманға тиесілі құмыра, қыш, ошақ орыны, үй іргетастарын тапқан. Тарихи мекенде бұғып жатқан мәдени мұраларды зерттеу жұмыстарына тілшіміз де қатысып келген еді.