Табиғатты аялайық. Балық шаруашылығы комитетінің Түркістан облыстық балық инспекциясының ұйымдастыруымен «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өткізілді. 3 айға созылған іс-шара барысында облыс аумағындағы су айдындары мен маңайындағы аумақтар қоқыстан тазартылды. Оған табиғат жанашырлары мен еріктілер, инспекция мамандары қатысты. Сонымен қатар су түбін тазалау жұмыстарына төтеншеліктер де атсалысты. Нәтижесінде 110 данаға жуық ескі ау құралдары жиналды. 25 автокөлік пен 10 суда жүзу құралдары жұмылдырылып, су жағалауы 16 тоннаға жуық тұрмыстық және басқа да қалдықтардан тазартылды.