Табиғатты ластайтын кәсіпорындарға 323 млрд теңге айыппұл салынды. Ластау жағдайы 2023 жылы 3,5 пайызға төмендеген. Ал өзен-суға залал келтіру 8 пайызға азайған. Ауаға зиян келтіру көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш басында тұр. Ондағы 64 кәсіпорын былтыр 2,5 млрд теңгеге жуық айыппұл арқалаған. Ал Батыс Қазақстан облысындағы мұнай газ компаниясы 164 млн теңге айыппұл төлеген. Экология министрлігі осы жылдың соңына дейін отандық 90 кәсіпорынға автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатпақ. Бұл миссияның қоршаған ортаға тигізер әсерін онлайн бақылауға мүмкіндік береді.