Өткен аптада ауа райының қолайсыздығы біраз жұртты әбігерге салды. Дауылды желден Кентаудағы оннан аса ғимаратқа зақым келді. Нысандардың басым көпшілігінің шатыры ұшып, сыртқы қаптамалары құлаған. Одан бөлек, облыстық маңызы бар тас жолдар жабылып, 350 жолаушы құтқарылды. Осыған орай, облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәжіліс отырысын өткізді. Жиында өңір басшысы осындай табиғи сипаттағы апаттар мен олардың салдарын жою туралы сөз қозғап, тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарға алу керек екенін ескертті. Еске салсақ, бұған дейін бірнеше көпқабатты үйлердегі жылу мәселесі көтерілген еді.