Абай облысындағы алапат өрттің түтіні Жетісу облысының аумағына жетті. Сол жақтағы әріптесіміз Нұржан Қасаболатовтың айтуынша, дәл қазір Талдықорған қаласы көк түтінге оранып тұр. Сондай-ақ Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының елдімекендері де қою түтін астында.