Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының баспасөз қызметі хабарлады. Күләш Қажығалиева 1942 жылы Алматы облысы Ақжар ауылында туған. Актриса Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі "Менің атым Қожа" қойылымында Жанардың рөлінде ойнаған. Сондай-ақ "Қорқыттың көрінде", "Қыз жиырмаға толғанда", Ауылдан келген ару " фильмдерінде рөлдерін сәтті сомдаған. Ерен еңбегі үшін медалінің және "Еңбек ардагері" медалінің иегері.