Түркістанда кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовті еске алуға арналған деректі фильмнің тұсау кесері өтті. Туындыда жазушының жүріп өткен жолы мен шығармашылығы таспаланған. Одан бөлек, майталманның достары мен шәкірттері Сатыбалды Жәлелұлының ерекше естеліктерін баяндайды. Фильмнің ұзақтығы 48 минут. Ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша кинорежиссер Сатыбалды Текеевтің жетекшілігімен жарыққа шыққан.