Түркістан облысы сан ғасырлық тарих пен қалалық мәдениеттің ошағы. Түрлі кезеңдерде еліміздің мәдени-экономикалық орталығы атанған. Сондықтан болар өңірге келушілер көп. Тұрғындардың талғамына сай БАҚ өкілдері де Түркістан облысы жайлы мол мағлұмат беруге асық. Олардың бірі Қызылорда телеарнасы. Ұжым «Qyzylordа Еxpedition өшкен өркениеттер ізімен» бағдарламасы аясында Сауран қаласына келді. Басты мақсаты көне шаһар арқылы ел тарихын насихаттау.