Тәттіден де сәтті бизнес жасауға болады. Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғыны Гүлнұр Ерғазықызы торт пісірумен айналысады. Бүгінде ол өз кондитерлік дүкені бар жеке кәсіпкерге айналған. Арнамыздың жаңа маусымдағы "Бір күн" жаңа жобасымен Сарыағашқа барып қайтқан түсірілім тобымыз “Миндаль” тәттілер әлеміне де бас сұққан еді. Тілшіміз тарқатсын.