Тауар сөресінен iPhone ұрлағандар ұсталды. Оқиға кешкі уақытта Шымкент қаласындағы электроника дүкендерінің бірінде болған. Жалған сатып алушылар айналасында адам болмаған сәтті пайдаланып, сатушының тауар сөресінде қалған телефонын ұрлап кеткен. Смартфонын жоғалтқан дүкен қызметкері оқиға туралы дереу полиция басқармасына хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді санаулы минуттарда анықтап, ұстады. Қазіргі таңда полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.