Тәуелсіздік күні қарсаңында Нәзір Төреқұлов атындағы N8 жалпы орта мектебінде “Тәуелсіздік ел тұғыры” іс-шарасы өтті. Бағдарлама аясында мектеп оқушылары өнер көрсетіп, желтоқсаншылармен жүздесті. Олардың арасында сол білім ордасында еңбек етіп жүрген Алтын Мамбаева да бар. Ұстаз бүгінде бастауыш сынып оқушыларына сабақ береді. Мұғалім жас буынға тәуелсіздік қастерлі ұғым екенін айтудан жалықпаған. Себебі ол белсенді қатысқан желтоқсан оқиғасы егемендіктің алғашқы қадамдарының бірі.