Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс басылар емес. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Израильде оққа ұшқандар саны мыңға жеткен. Одан бөлек, 2 жарым мыңнан астам адам ауыр жараланған. Ал, Газа секторында қаза тапқандар саны 900-ден асып, 4 жарым мың тұрғын зардап шекті. Әлем елдері бірлесіп екі елге де дәрі-дәрмек пен қажетті заттар жеткізу үшін гуманитарлық іс-шаралар ұйымдастыруға әрекеттеніп жатыр. Қақтығыста көз жұмғандар арасында шетел азаматтары да бар.