Туған жерін таза ұстау - әр адамның перзенттік парызы. Осындай ұстаныммен Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғындары жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Осылайша, республика көлемінде басталған "Таза Қазақстан" акциясы қарқынды жүріп жатыр. Ал үй маңына қоқыс тастап, ауылдың көркін бұзған кейбір азаматтарға айыппұл салды.