Түркістан облысында тазалық жұмыстары қатаң бақыланады. Аймақ әкімінің басшылығымен өткен отырыста осы тазалық мәселесі және өңірдегі көгалдандыру жұмыстары пысықталды. Мамандардың айтуынша, аудан, қалалардағы үйлердің қасбеті мен қоршауларын ретке келтіру жұмыстары бақылауда. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес. Тазалыққа тікелей жауаптылар кемшілік анықталса, лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады дейді. ЖАМБЫЛ ҚОЖАМБЕКОВ ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ Өткен аптадағы аппараттық жиналыстан соң аудан-қалалардағы бөлімдерден дейін-кейін форматындағы фотолар алынды. Орындалған жұмыстар бар. Аудан орталықтарының тазалығы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.