Теміржол саласында мыңдаған жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты қарапайым жұмысшылар бар. Қуаныш Қыдырбаев 30 жылдан бері вагон қараушы болып қызмет етеді. Вагондардағы ақауды дер кезінде анықтап, жүктер мен жолаушылардың діттеген жеріне аман-есен жетуіне елеулі үлес қосып жүр. Еңбек адамының бір күндік жұмысымен тілшіміз Бақтыгерей Оразхан танысып келді.