Бүгін – ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізілген еді. Көркемдігі жағынан қазақ ақшасы халықаралық байқауларда 5 мәрте үздік атанып, 20-дан астам марапатқа ие болды. Осы күнге орай Түркістанда «Теңге ғасырлар сабақтастығы» көрмесі өтіп жатыр. Онда әріптесім Балым Әлішер де жүр.