Түркістанда үлкен теннистен 10 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир басталды. Онда еліміздің әр өңірінен келген 150-ден астам теннисші бақ сынайды. Жарысқа ұлттық дәрежедегі төреші төрелік ететін болады. Толығырақ тілші тарқатады Республикалық бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам спортшы келген. Сайыс 4 күнге созылады. Және ең қиыны, осы 150 спортшының ішінде тек бір ұл мен бір қыз ғана жеңімпаз атанады. Жүлдегерлерге арнайы құттықтау медалі табыс етіледі. Олар халықаралық байқауға жолдама алады.