«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері». Ұлттық жоба насихаттаушылары Солтүстік Қазақстан облысынан Түркістан облысына келгенін айтқан болатынбыз. Теріскейге көшудің ұтымды тұстарын халыққа түсіндіріп жүрген TAUEKEL ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов бастаған топ бүгінге дейін 10 ауданды аралап үлгерді. Соның арасында 1500-ге тарта азаматқа жоба аясында мемлекеттен көрсетілетін көмек жайлы толыққанды мәлімет берілді. Нәтижесінде күні ертең 50-ге жуық түркістандық арнайы топпен Солтүстікке жол жүрмек. Аталған сапардың мақсаты - Теріскейдегі тіршілікпен танысу. Солтүстікке көш жайлы толығырақ білгіңіз келсе, дәл қазір арнайы сұқбатқа құлақ түріңіз.