Жетісу облысында бірнеше су жаңа Tesla тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында болған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеті Tesla-ны тиеп келе жатқан екен. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен жол ортасындағы көлік қозғалысы бірнеше уақытқа тоқтаған. Тіпті, жол жиегіндегі бағандардың бұзылғаны да анық көрінеді. Апаттан қанша шығын келгені әлі белгісіз.