Түркістан облысында мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 95 пайызға жетті. Бұл - еліміз бойынша үздік көрсеткіш. Осыған орай Қазақстан халқы тілдері күні тіл жанашырларына құрмет көрсетілді. «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік іс-шарада салаға еңбегі сіңген азаматтарға облыс әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды.