Төлеби ауданында кесенелер мен көне ескерткіш нысандарының аумағы тазартылып жатыр. «Киелі мекен» шарасы барысында, тұрғындар "Ғайып Ерен -Қырық шілтен" сияқты зиярат ететін орындарды қоқыстан тазартып, сәнді ағаш көшеттерін отырғызды. Туристер мен зиярат етіп келетіндерге жағдай жасау үшін орындықтарды сырлап, талдардың түбін ретке келтірді. Тазалық акциясына мыңға жуық тұрғын қатысты. Олар 800 түп көшет егіп, 1200 ағашты бұталап, түбін әктеді. 6 жарым шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.