Табиғаты таңғажайып Төлеби - туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аймақ. Алайда қысы да, жазы да жайлы бұл өңірде соңғы жылдары ағын су тапшылығы сезіле бастаған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан жұртшылығымен кездесуінде бұл мәселенің тікелей өз бақылауында екенін айтты. Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін алдымен ең қарапайым су мәселесін шешу керек. Осылай деген өңір басшысы осы ретте су қоймасы салынып жатқанын айтты.