WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі өз жұмысын бүгіннен бастады. «Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады. Хабарламада мәселенің нақты және түсінікті болуы шарт және оны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», - делінген Төтенше Жағдайлар Министрлігінің мәліметінде.