«Цифрландыру кеңістігі және Жаңа Қазақстан». Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы осындай жиын өткізді. Республика күніне арналған шарада сала үздіктері марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ұлттық мерекені ұлықтау және ұжымдық ынтымақтастықты дамытуға негізделген жиында «Менің елім-Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында баяндама оқылып, бейнеролик көрсетілді.