Ту көтеру рәсімі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында да жалғасты. Онда әуелі әнұран орындалып, мұнан соң көк туды көкке көтерді. Салтанатты жиынға келгендердің қарасы көп болды. Тіпті еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін осында. Оларды республика күнімен Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай құттықтады. Ал, аудандағы «Елге қызмет – ерге міндет» қайырымдылық қорының жетекшісі Ұлан Айтымбетовке мереке қарсаңында төсбелгі табыс етілді. Оның игі бастамаларымен екі жыл ішінде 25 тұрғын баспаналы болыпты.