Қаржылай тығырыққа тірелген ағайындылар бір-бірлерін балағаттап, тіпті қол жұмсауға дейін барды. Бұл - театр сахнасында қойылған туынды. Бірақ бүгінде талай отбасының басынан өтіп жатқан нағыз шынайы өмірдің көрінісі. Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында драмтург Әлішер Айтуаровтың “Туған күніңізбен анашым” драмасының премьерасы өтті. Мәдени кешке барып қайтқан әріптесім Нұрдәулет Сыздық қойылым жайын тәппіштеп айтып берсін.