Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барды. Бірқатар нысанды аралап, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Солардың бірі – Майтөбе сүт өңдеу цехі. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жұмысын бастаған аталмыш цех тәулігіне 2,5 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Ал одан май, қоюландырып стерилизацияланған сүт, құрт, сүзбе, айран және қаймақ өңделіп, «Майтөбе сүт» деген брендпен тұтынушыларға жол тартады.