Түркістан облысына қарасты Кентау қаласына алғашқы қар түсті. Жапалақтап жауған ақ ұлпаны жергілікті тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алған. Ауа температурасы қалада +1 градусқа дейін төмендеп, күн-райы құбылып тұр. Айта кетсек, синоптиктердің болжауынша бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді. Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында сынап бағанасы -1-ден 6 градусқа дейін көрсетпек. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.