Тұран таланттары – Түркістаннның өнерлі оқушыларының басын қосты. Қаланың 20 мектебінен келген 20 әнші патриоттық ән айтудан бақтарын сынауда. Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебіндегі бұл іс шараны қалалық білім бөлімі ұйымдастырған. Ақын, композитор Біржан сал Қожағұлұының туғанына 190 жыл және кеңес әскерінінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай өтуде. Мұнда оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулудан кейін, үлкен сахнаға дайындау мақсаты тұр. Дәл қазір сайыс қызу үстінде. Бүгін түстен кейін өңірдің өнерлі оқушысы анықталады.