Облыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жандандыру - басты назарда. Осыған орай, күні кеше өңір басшысы Дархан Сатыбалды жиналыс өткізіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Одан бөлек, бірнеше инвестор Кентау қаласында жылу орталығы базасында бу-газ станциясын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Қос тарап аталған жоба бойынша тағы да кездесіп, кеңірек талқылауға уағдаласты. Айта кетейік, жылыту маусымы қарсаңында Кентауда 4 қазандық демеушілер есебінен 600 миллион теңгеге жөнделді. Бүгінде екі жаңа қазандықтың құрылысы аяқталып қалды. Жуырда оларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар кемінде 20 жылға жарамды деп күтілуде.