Ортақ мәселе. Жаңалықтарымыздағы жаңа айдар осылай аталады. Онда өңірлерді байланыстыратын ортақ мәселелерді қаузаймыз. Жұртты алаңдатқан проблемалар, тұрғын үйдің құны, күнделікті тұтынып жүрген азық-түлік пен таксидің құнын да бағамдаймыз. Тұрғын үй деп айтып қалдық, алғашқы шығарылымды да осы мәселеге арнамақпыз. Түркістан облыс орталығы болған сәттен бастап тұрғын үйдің бағасы шарықтап кеткенін білеміз. Қазір кейбір жаңа пәтерлерлердің шаршы метрі 350 мың теңгеге дейін жетті. Салдарынан мұқтаж азаматтар баспанаға қол жеткізе алмай, алып-сатарлар қып-қызыл пайдаға кенелуде. Жалпы биыл Түркістан қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында 29 үй салынып, 4 000-нан астам пәтер ел игілігіне берілмек екен. Бұл рухани шаһардағы үй бағасына қаншалықты әсер етпек? Нұрдәулет Сыздық зерттеп көрді.