Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тұрғындарды өзі жетекшілік ететін салалары бойынша жеке қабылдады. Азаматтар қозғаған мәселелердің қатарында өңір туризмін дамыту, жастардың Жайдарман ойынына қолдау көрсету мен мектептерге ыстық тамақ тасу бойынша конкурсқа қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ, негізсіз жұмыстан босатылғанын айтып, тауы шағылып келгендер де болды. Ал өтініш-пікірлердің барлығы назардан тыс қалмайды. Жауапты мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Айта кетейік, қабылдауда инклюзивті орталықтардың жұмысын жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Ал оған қатысты түсіндірме жауапты тұрғын дәл сол жерде алды.