Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында жұмыс мәселесі, жеке құқықты қорғау және коммуналдық мәселелер де қозғалды. Мәселен, түркістандық спорт жанашырлары Шахмат федерациясы жөнінде ұсыныстарын жеткізсе, облысқа танымал спортшы қазақ ұлттық спортын, оның ішінде, ат спортын дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Түркістандық тағы бір тұрғын жұбайының жұмыс орнын жекеменшік балабақшадан мемлекеттік балабақшаға ауыстыру туралы өтінішін айтты. Ал Бәйдібек ауданының тұрғыны спорт мектебінің жанынан жатақхана салуды сұрады. Еркеғали Әлімқұлов жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша заң аясында шешім қабылдауды тапсырды. Оның орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.