Күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта оралған Республика күні биыл елімізде екінші мәрте кең көлемде тойлануда. Біз мейрам қарсаңында ат басын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне бұруды жөн көрдік. Себебі, аталған жоғары оқу орны-Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған соң елімізде бой көтерген алғашқы оқу ордасы.