Түркістандағы Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бұрын-соңды болмаған «Түркі Тарланы мен Бегім сұлуы» байқауы өтті. Сайыста бойында сұлулығы мен өнері үндескен студенттер бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – терең тарихтың қойнауында жатқан болмысымызға бойлап, түркілердің түп тамырындағы дәстүрді заманауи бояумен ұштастыру.