Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университеті түркі елдері арасындағы татулықты арттыру жолында біршама іс атқарып келеді. Мәселен осы айда шетелден келген талапкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін алғаш рет қазақ тілінің оқу-әдістемелік кешеніне негізделген энциклопедиялық электронды және басылым кітаптар жарық көрді. «Түркі тілдері – коммуникативтік қарым-қатынас тілі». Осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізген халықаралық университеттің Кентау қаласындағы дайындық орталығы студенттердің тілді жетік меңгеруіне басымдық беріп отыр. Осыған орай үш тілде білім беретін орталық, биыл жан-жақты ізденіс жасап, қазақ тілін жылдам меңгертуге арналған заманауи оқу құралын жазып шықты.