Түркістан облысының индустриялды аймақтарында 80-ге жуық зауыт бар. Жоба аясында 5600 ден астам маман жұмыс істейді. Ендігі меже кәсіпорындар санын тағы ұлғайтып, кәсіпкерлерге жағдай жасау. Ол үшін өңір орталығында «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының құрылысы басталған. Оны инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы 6 кезеңнен тұрады. Нәтежиесінде зауыт алаңында 25 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, толықтай жеңіл отынмен қамтылды. Өрт сөндіру мен қауіпсіздік жұмыстары жүргізілді. Енді алаңдарды пайдалануға тапсыру ғана қалды.