Туркістанда футболдан жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген жас футболистер 4 топта бақ сынасты. Оның үшеуінде чемпиондық кубок түркістандықтарға бұйырды. Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев спортшыларға шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, жеңімпаздарды марапаттады. Үздік ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды. Қалалық мәслихат депутаттары да турнирдың салтанатты шарасына қатысып, жасөспірімдерге қолдау білдірді. Енді “Turkistan CUP” республикалық турнирін облыс орталығында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарлануда.