Түркия Қазақстанның сұрауы бойынша күдіктіні ұстады. Оған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденді деген айып тағылған. Ұсталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында Алматыдағы коммерциялық ұйымның бухгалтері болған. Сол аралықта төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізіп 27 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ал, оны ұстауға ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды. Қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған