Анадолы төрі Анкарада қазақ суретшісі Камила Жапалованың көрмесі өтті. Түркиядағы елшіліктің қолдауымен «Көк Ту» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырған іс-шара жібектің үстіне ыстық балауызбен сурет салу әдісімен дайындалған суреттер көрерменнің көзайымына айналды. Көргенде көздің жауын алатын дәстүрлі стильдегі киімдер мен орамалдарды өнерпаз өз қолымен өрнектейді. Көрме қонақтары мен қазақ қандастар Камила Жапалованың өнерін жоғары бағалады. Іс-шара, қаланың орталық аудандарында орналасқан сауда үйінде ұйымдастырылды.