Түркияда сайлау алды науқан қыза түсті. Саяси дода 14 мамырға белгіленген. Бұл күні халық президентті, сондай-ақ парламентті сайлайды. Бірақ шетелде дауыс беру ерте басталды. Президенттікке үміткерлер қатарында 4 адам бар. Сарапшылар басты тартыс қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция өкілі Кемаль Кылычдароглу арасында өтеді деп отыр. Сарапшылар осы 2 үміткердің жеңіске мүмкіндігі мол екенін айтады. Өткен айда жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, оппозиция жетекшісі мен қазіргі мемлекет басшысының терезесі тең.