Байқайсыздар ма? Соңғы уақытта айналаңызда жүрген басы таздардың барлығында қолаң шаш пайда бола бастады. Оған себеп шаш трансплантациясын жасайтын мекемелер мен клиникалар көбейгендігі. Бірақ палстикалық ота санатына жататын трансплантацияның адам денсаулығына үлкен зияны тиіп кетуі де мүмкін дейді мамандар. Жалпы, шаш егу процессі қалай жүргізіледі? Оның пайдасы мен зияны қандай? Бұл сұрақтардың жауабын тілшіміз айтады.