«Ұлы дала алтыны». Дәл осындай атаумен Анкарада Қазақстандық археолог Зейнолла Самашевтің Шығыс Қазақстан аймағынан табылған құнды жәдігерлер көрмесі ашылды. Онда көпшілік назарына Берел қорғанынан табылған ат әбзелдері мен әшекей бұйымдар, Қатонқарағай ауданы Қарақабадан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды.