Түркия және Қазақстан арасындағы сауда айналымы 4,7 миллард АҚШ долларын құраған. Анадолудан жөнелтілген тауарлардың басым көпшілігі текстиль өнімдері. Жалпы соңғы жылдары елде түрік тауарларына деген қызығушылық артып келеді. Сәйкесінше, сұраныстың жоғарылауына байланысты Түркиямен алыс-беріс жасағысы келетіндердің де саны көбейген. Осы ретте тілшіміз Нұрдәулет Сыздық Анадолы елінен тауар әкелудің қауіпсіз жолдарын, мәселеге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын іздеп көрді.