Түркияның Искандерун қаласында әскери кемеде госпиталь ашылды. Зілзаладан жарақат алғандар ауруханаға симай кеткендіктен, қорғаныс министрлігі осындай көмек көрсетіпті. «Байрақтар» классты танк-десантты бұл кемеде дәрігерлік, хирургиялық және диагностикалық кабинеттер бар. Сондықтан, ештеңе өзгертудің қажеті жоқ. Кемеде бір мезетте 300 адам емделе алады. Осы уақытта 2000 адамға көмек көрсетілген екен. Ал жақын жердегі ауруханалар қирандыға айналған.