Түркістан облысында із-түссіз кеткен 2 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Туыстарының айтуынша жоғалған екі азамат Түлкібас ауданы Керейт ауылынан мал іздеуге шығып қайтар бағытта ауа-райының нашарлауына байланысты адасып кеткен. Жоғалғаны туралы өтініш туыстарынан 7 ақпан күні келіп түсті. Іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 30 жеке құрам 4 техника 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және жергілікті тұрғындардан 18 адам іздеу жұмыстарын жүргізілуде. Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.